Петропавлда дауыс беру учаскілері өз жұмыстарын таңғы 7.00-де бастады. №672 дауыс беру учаскесінде әнұран шырқалды. Тарихи сәтте бейжай қалмай, болашақ Қазақстан үшін таңдауын жасап, азаматтық борышын орындауға келген қала тұрғындарының қарасы қалың , деп жазады Qazaqstan Media.

№28 жалпы білім беретін мектепте №672  дауыс беру учаскісі орналасқан. Мұнда 812 тұрғын дауыс  беруге тіркеліпті. Олар- Солнечный, Солнечный 2, Орман шағын аудандарының тұрғындары.  Яғни осыншама азамат Жаңа Конституцияның тағдырын шешуге ат салысулары керек. Бұл тек саяси науқан ғана емес, тәуелсіз еліміздің тұғырлы болуына жол ашатын сәт. Осындай пікірді ұстанған Әсел Ілиясова  алғашқылардың бірі болып дауыс беру учаскісіне жолдасымен келген.

Петропавлда дауыс беру учаскілері өз жұмыстарын таңғы 7.00-де бастады. №672 дауыс беру учаскесінде әнұран шырқалды.
Петропавлда дауыс беру учаскілері өз жұмыстарын таңғы 7.00-де бастады. №672 дауыс беру учаскесінде әнұран шырқалды.

«Әр саяси науқан, халық үшін маңызды. Ал, бүгінгі референдумның орны тарихымызда ерекше. Себебі Жаңа Конституция, Ата Заңымыз үшін таңдау жасаймыз. Сондықтан, тәуелсіз елдің саналы амазы ретінде өз міндетімізді орындауға келдік. Халықтың дауыс беруінің арқасында ел тағдыры шешіледі»,-дейді қала тұрғыны.

Дауыс беру учаскісіне келген тұрғындардың көңіл-күйлері көтеріңкі.  Участік ашылғаннан бастап, референдумға қатысушылардың белсенділігі байқалады. Айналасы 30 минуттың ішінде 20-дан астам тұрғын дауыс берді.

Петропавлда дауыс беру учаскілері өз жұмыстарын таңғы 7.00-де бастады. №672 дауыс беру учаскесінде әнұран шырқалды.
Петропавлда дауыс беру учаскілері өз жұмыстарын таңғы 7.00-де бастады. №672 дауыс беру учаскесінде әнұран шырқалды.

«Біздің дауыс беру учаскесі талапқа сай 7.00-де ашылды. Барлығы хаттама бойынша жүргізілуде. Биыл №28 мектепте бірінші рет дауыс беру учаскесі жұмыс ісеп тұр. Сондықтан, біз үшін екі есе жауапты науқан. Тұрғындар белсенді. Барлығы талапқа сай өтіп жатыр»,-дейді комиссия төрағасы Гүлжан Жаканова.

Дауыс беру учаскісіне келе алмаған бір тұрғын үйде дауыс беруге өтініш білдірген. Оларға комиссия мүшелері тасымалдау урнасын түстен кейін  апаруды жоспарлап отыр. Республикалық референдумға қатысу кәмелетке толған еліміздің  әр азаматының борышы. Себебі, бұл күні тәуелсіз Қазақстанның басты Заңының қабылдануы немесе қабылданбауы шешіледі. 

Петропавлда дауыс беру учаскілері өз жұмыстарын таңғы 7.00-де бастады. №672 дауыс беру учаскесінде әнұран шырқалды.
Петропавлда дауыс беру учаскілері өз жұмыстарын таңғы 7.00-де бастады. №672 дауыс беру учаскесінде әнұран шырқалды.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда республикалық референдум басталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *