Петропавлда Өзбекстанның үш азаматы құрылыс жұмыстарына заңсыз тартылған

Петропавлдық полицейлер құрылыс пен базарда жүрген заңсыз еңбек мигранттарын анықтады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавлдағы құрылыс нысандарының бірінде Өзбекстан елінің үш азаматы анықталды. Олардың еңбек етуге рұқсат беретін тиісті құжаттары болмаған. Шетелдіктерге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 5-бөлігі бойынша материал жиналды. Тәртіп сақшылары Өзбекстан мен Тәжікстан елдерінің тағы екі азаматын базарлардың бірінде анықтады. Оларға жұмыс бергендер де ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Аталған бұзушылықтар 20 қарашада басталған «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды. Оның мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті нығайту. Өткізіліп жатқан іс-шара кезінде құрылыс алаңдары, базарлар, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары тексеріледі. Өйткені бұл орындарда шетелдіктер күші заңсыз пайдаланылуы мүмкін. Жедел-профилактикалық іс-шара барысында Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 21 шетелдік және олардың еңбек күшін заңсыз пайдаланған еліміздің 11 азаматы жауапкершілікке тартылды, – дейді СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ермен Нұсұрбаев.

Жыл басынан Қазақстан Республикасында болу ережелерін 844 шетелдік азамат бұзды. 55 жағдайда шетелдік жұмыс күші заңсыз пайдаланылған.

Тағы оқыңыз: Тимирязев ауданында биыл 4,7 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x