Жыл басынан бері Петропавлда 63 өрт болып, 6 тұрғын қаза тапты, олардың арасында балалар да бар.Осыған байланысты Петропавлда өртке қарсы бейнемониторинг жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі
Қызыл жалын көбіне өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтамау салдарынан туындайды.Өртпен күресу кезінде әр секунд маңызды екені белгілі.Осы ретте, қала бойынша жанудың бастапқы сатысында өртті анықтауға мүмкіндік беретін өртке қарсы бейнемониторинг жүйесін орнатылды.Енді, бұл жүйе арқылы облыс орталығының аумағында шыққан өрт орнын уақтылы тіркеп, жедел әрекет етуге мүмкіндік бар. Камералар Жамбыл, 49б, Батыр Баян, 32 және Болатбаев, 4 мекен-жайларында орналасқан. Бір камераның қамту алаңы — 200 мың гектарға, әрекет ету радиусы 20 км-ге дейін. Бағдарламалық жасақтамасы бар сервер СҚО ТЖД-де орналасқан.
«Менің ойымша, бұл қажетті іс. 19 шаршы метрге таралған өрт 3 адамның өмірін жалмап әкеткен соңғы қайғылы оқиғаны ұмыту қиын. Алда қыс, өрт қауіпі, әсіресе, жеке секторда таралу қауіпі жоғары. Сондықтан мен қала тұрғындарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және отпен ойнамауға шақырамын!»,-деді Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев өзінің әлеуметтік парақшасында