Петропавлда ер адам азаматтық некедегі әйелін ұрғаны үшін 25 тәулікке қамауға алынды. Сонымен қатар, сот оған бір жылға алкоголь ішуге тыйым салды, деп жазады Qazaqstan Media.

Петропавлда 41 жастағы ер адам азаматтық некедегі әйелін соққыға жыққаны үшін сотқа тартылды. Оның айтуынша, мас болған. Жанжал барысында әйелінің мұрнын сындырып, аяқпен тепкен.

Сот отырысында ер адам бұл әрекеттерім есімде жоқ, мас болдым дейді. Алайда медициналық сараптама оның қатты мас болмағанын, тек жеңіл түрде масаңдығын көрсетті.  

Сот шешімімен оған 25 тәулік қамау жазасы тағайындалып,  бір жылға арнайы талаптар қойылды.

Петропавлда әйелдің мұрнын сындырып, аяқпен тепкен еркек 25 тәулікке қамалды
Петропавлда әйелдің мұрнын сындырып, аяқпен тепкен еркек 25 тәулікке қамалды

«2024 жылдың маусымынан бастап жеңіл дене жарақатын салу мен соққы беру әкімшілік емес, қылмыстық теріс қылық болып саналады.Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері полицейлер 250-ге жуық жеңіл дене жарақатын салу және соққы беру дерегі бойынша арыз қабылдады. Оның 91-і, яғни әр үшіншіден астамы, тұрмыстық қатынастар аясында орын алған»,-деп нақтылады СҚО ПД

 Жалпы жыл басынан бері тұрмыстық құқықбұзушылықтар үшін полицейлер 1756 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. 1955 қорғау нұсқамасын шығарды, соттар 738 жағдайда құқықбұзушыларға арнайы талап қойды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 15 мың жыл бұрын өмір сүрген мамонт сүйегі табылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *