Петропавлда ұлттық киім мен әшекейлер көрмесі ұйымдастырылды. Оған қоса сән көрсетілімі өтті. Оны петропавлдық сәнгер, Зарина Мавляни сән үйінің жетекшісі ұйымдастырды, деп жазады Qazaqstan Media.
Ұйымдастырылған сән кеші Зарина Мавлянидің 10 жылдық еңбегінің жемісі деуге болады. Алғашында кәсіпкер сауда бутигін ашып, әшекей бұйым жасауға арналған моншақ, биссерлерді сатқан. Кейін өзін тігіншілік саласында сынап көрмек болып, түрлі шеберлік сағаттарына қатысады.
«Мен премиум класстағы ұлттық киімдерді шығаратын сән үйін аштым. Қазір этно стиль трендте. Заман талабына сай киім үлгілерін жасаймыз. Мақсатым — Петропавлда жоғары сапалы ұлттық киімдерді шығару. Ол қолымнан келді деп ойлаймын. Біздің өнімдер қазір шетелге де жеткізілуде», — дейді Зарина Мавляни.
Қазіргі кездн сән үйінде сегіз маман жұмыс істеп жатыр. Олар қыз ұзату, сырға салу сынды тойларға қалыңдық көйлектерін тігеді. Сонымен қатар, этно стильдегі балалар киімі де сұранысқа ие.«Сән кешінде барлық туындыларым көрсетіледі. Оның әр бөлігі қолдан жасалған. Жоғары сапалы, табиғи өнімдерді ғана пайдаланамыз. Көрсетілімде тек той киімдері ғана емес, іскер қыз-келіншектерге арналған киімдер, той кештеріне арналған ұлттық нақыштағы костьюмдер шығарылады», — дейді дизайнер Зарина Мавляни.
Тағы оқыңыз: СҚО-да бір түнде сегіз адам құтқарылды