Петропавл қаласында бірнеше әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы жүргізілетін болады. Оның ішіндегі ең маңыздысы – «Үркер- Сириус» оқыту орталығы. Ол 900 балаға жоспарланып отыр, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Облыс орталығындағы ауқымды құрылыс жұмыстары туралы облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тұрғындармен кездесу барысында баяндады. Айтуынша, Петропавлда 2025 жылы бірнеше маңызды нысандардың құрылысы жүргізіледі. Ол көптің сұрауы бойынша мұз аренасының құрылысы басталғандығын айтты. Спорт объектісі Жас өркен шағын ауданында бой көтермек. Онда мұз айдыны, бассейн және спорт залдар болады.

Петропавлда «Үркер-Сириус» білім беру орталығы ашылады

Тағы бір маңызды құрылыс ол-жедел медицналық жәрдем станциясына жаңа ғимарат салу. Ол барлық стандарттарға сай болмақ. Ол үшін республикалық бюджеттен бес млрд теңге бөлініпті.

Петропавлда «Үркер-Сириус» білім беру орталығы ашылады

Ал білім беру саласындағы ауқымды жоба ол — «Үркер-Сириус» білім беру орталығы болмақ.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша облыс орталығында биыл мектеп-лицейдің құрылысы басталады. «Үркер-Сирус» атты республикалық білім беру орталығы 900 орынға арналған. Мектеп-лицейде  зияткерлік, шығармашылық және спорттық дамуды көздейтін орталық жұмыс істейді. Білім алушылар үшін  үш жатақхана, бассейн, стадион болады.  Сонымен қатар, ұстаздар үшін бөлек ғимарат тұрғызылады. Мұндай замануи кешен Семейде бар. Құрылыс жұмыстарын жақын арада бастаймыз», — деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Тағы оқыңыз: Петропавлда Масленица мерекесі тойланды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *