Петропавлда тағам өнімдерін өндіретін заманауи кәсіпорын салу жөніндегі ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Жаңа кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 12 670 тонна тәтті бәліш, торт және қытырлақ нан өнімдерін өндіруге есептелген, деп жазады Qazaqstan Media.

Аталған жобаны «Хлебпром» акционерлік қоғамы «Бейкертон» және «МЕЛАС» компанияларымен бірлесіп іске асыруда. Жобаны орындау мерзімі 2023–2027 жылдар аралығын қамтиды. Өнім сапасы халықаралық стандарттарға сай болады деп жоспарланып отыр.

Жобаның жалпы құны 37,3 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде 26,1 млрд теңге инвесторлардың өз қаражаты. 11,2 млрд теңге қарыз қаражат ретінде тартылған.

Өнімдер негізінен Қазақстан мен Ресей нарықтарына жеткізіледі. Сонымен қатар өндірілетін өнім көлемінің 98 пайызы экспортқа бағытталмақ. Бұл өңірдің сыртқы сауда байланыстарын нығайтып, экономикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда жоба белсенді түрде іске асырылуда. Атап айтқанда, жеткізілуі 2026 жылдың қаңтар айына жоспарланған қаптама жабдықтарына келісімшарт жасалды. Сонымен қатар құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Тағы оқыңыз: Демалыс күндері облыс бойынша 2 мыңнан аса жедел жәрдем шақыртылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *