Петропавлда жыл соңына дейін жаңа мұз аренасы қолданысқа беріледі. Нысан теріскейліктерге түрлі спортпен айналысуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Мұз айдынының құрылысымен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен атақты конкишілеріміз және бапкерлер танысты. Құрылыс жұмыстары қаңтардың 15-і басталған. Бірінші желтоқсан күні толықтай аяталады.

Нысан үш қабаттан тұрады. Мұз айдынында спортшылар конкимен жүгіру спортымен ғана емес, мәнерлеп сырғанаумен де айналыса алады. Алаңның қорабы мен қажетті құрал-жабдықтар Канада елінен әкелінген.

Мұз айдынында бассейн де бар. Тіпті, шағын футболмен де айналысуға болады.

«Бұл — қаламыз үшін аса қажетті әрі көптен күткен нысан. Бұқаралық және кәсіби спортты дамыту — біздің басым бағыттарымыздың бірі. Әсіресе, халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи спорттық инфрақұрылымды дамытуға ерекше мән беріп отырмыз. Сонымен қатар ғимарат әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізуге жол ашады», — СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Тағы оқыңыз: «Дублер күні»: болашақ медбикелер облыстық ауруханада жұмыс істеді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *