Петропавлда жол жүру ақысы қымбаттайды

Петропавлда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттайды. Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезектен тыс VII сессиясында айтылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыс орталығында жол жүру ақысы қымбаттайды деп айтылып жүргеніне біраз болды. Мәселе бүгін мәслихаттың кезектен тыс VII сессиясында тағы да көтерілді. Бұл жолы сауал депутаттар қолдауына ие болды.

«Петропавлда жолақысы соңғы рет 2017 жылы көтерілген. Жолаушылар тасымалымен айналысатын компаниялардың шығындарының өсуіне қарамастан 5 жылдан астам уақыт бойы тариф өзгеріссіз болған еді. Қазір тұрғындар картамен 80 теңге, ал қолма-қол ақшамен 130 теңге төлеп жүр»- деді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi басшысының орынбасары Айдын Мәкенов.

Петропавлда жол жүру ақысы қымбаттайды
Петропавлда жол жүру ақысы қымбаттайды

Енді, төлем картамен жасалған жағдайда тұрғындар 80 теңгенің орнына 100, ал қолма қол ақшамен 130 теңгенің орнына 170 теңге төлейтін  болады. Тариф бекітілді. Бірақ оның қашаннан бастап күшіне енетіні әзірге белгісіз.

 

Петропавлда жол жүру ақысы қымбаттайды

Тағы оқыңыз: СҚО тұрғындары көмірдің қажетті көлемінің 30%-ын ғана дайындады

 

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x