Петропавлдағы Н.Назарбаев және Ғ.Мүсірепов көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан екі адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Н.Назарбаев және Ғ.Мүсірепов көшелерніің қилысында “Hyundai” мен “Lada Granta” маркалы автокөліктері бір-біріне соғылды. Нәтижесінде 71 жастағы әйел мен 60 жастағы ер адам түрлі дене жарақаттарын алып, жедел жәрджем арықылы ауруханаға жеткізілді.
«Тиісті тексерулерден кейін әйел адамға оң жақта бірнеше қабырғаның сынуы деген диагноз қойылды. Ол травматологиялық бөлімшеге жатқызылды. Ал азаматтың кеуде сүйегі сынған. Ол да ем қабылдап жатыр. Жағдайлары орталаш, тұрақты»,- деп жауап берді қалалық көпбейінді аурухана мамандары.
Ал, тәртіп сақшылары болса аталған факті бойынша тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде. Сараптама нәтижелеріне сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады.
Тағы оқыңыз: СҚО-да биыл екі жаңа мектеп ашылып, сегіз мектеп жабылады