Петропавлда бірінші қыркүйек күні болған жол апатында зардап шеккен бір адам ауруханада көз жұмды. Естеріңізге сала кетейік, жол-көлік оқиғасы Петропавл-Мамлютка бағытындағы тас жолда болған еді, деп жазады Qazaqstan Media.
Краснознаменное ауылы маңында Chevrolet,Mazda және Lexus автокөліктері соғылып, оқиға орнында екі адам көз жұмған болатын. Бес адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген еді. Оның ішінде 52 жастағы ер адамның жағдайын дәрігерлер өте ауыр, тұрақсыз деп бағалады. Бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Өкінішке орай, науқас апаттан үш күн өткесін көз жұмды.
Ал, қалған зардап шеккен жандар ауруханада ем қабылдап жатыр. Жансақтау бөлімінде жатқан зейнеткер әйелдің жағдайы жақсарып, жарақат бөліміне ауыстырылды.
Естеріңізде болса, жол апаты кезінде әкесі мен қызы көз жұмған болатын.
Тағы оқыңыз: Петропавлда тұрғындарға 1,2 млрд теңге заңсыз несие бергендер ұсталды