Петропавлда жеңіл көлікпен соқтығысқан мотоцикл жүргізушісі қайтыс болды. 17 жасар жасөспірімнің өмірі үшін облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігерлері екі апта бойы күрескен еді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Қайғылы оқиға осыдан екі апта бұрын Петропавлдағы Жұмысшы кентінде тіркелген болатын. Мотоцикл мен Honda Accord автокөлігі соқтығысып, мотоцикл жүргізушісі облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген еді. Жасөспірім бас жарақатын алған. Сонымен қатар бірнеше сүйегі сынып, көп қан жоғалтқан болатын. Дәрігерлерлер оның жағдайын ауыр деп бағалады. Ал бүгін 17 жасар жігіт ес жимастан ауруханада көз жұмды.
Тағы оқыңыз: Большая Малышка ауылында тасқыннан зардап шеккен үйлер мен мектеп қалпына келтіріліп жатыр