Петропавлда жол апатында зардап шеккен бір адамның жағдайы аса ауыр әрі тұрақсыз деп бағалануда, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Еске сала кетейік, маусымның бесі Петропавлда жол апаты болып, төрт адам қаза тапты. Тағы екі азамат ауруханаға жеткізілген болатын. 39 жастағы ер адам аралас жарақаттар алған. Оның бет, мойын, арқа және жоғарғы аяқ-қол бөліктері күйіп қалған. Бұдан бөлек, жоғарғы тыныс жолдарының зақымдануы, сүйек-буын және жұмсақ тін жарақаттары бар.
«Сонымен қатар, бірнеше қабырғаның, омыртқаның, сол қолдың сүйектері мен оң жамбас сүйегінің сынықтары, саусақтың жарақаттық ампутациясы және көптеген жаралар тіркелді. Күйік көлемі дене бетінің шамамен 40 пайызын құрайды. Науқастың жағдайы травматикалық шокпен (I–II дәрежелі) асқынған. Қазіргі таңда науқастың жағдайы өте ауыр және тұрақсыз күйінде қалып отыр. Ол жансақтау бөлімінде қарқынды ем қабылдауда», — деп хабарлады ауруханада.
Ол жансақтау бөлімінде ем қабылдауда.
32 жастағы екінші ер адамның да жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Ол жарақаттану бөліміне жатқызылды. Оған бел омыртқасының II-ші тұсының жабық компрессиялық сынуы (I дәрежесі), шап аймағының жыртылып-кесілген жарасы мен жамбас бұлшықетінің жарылуы, сондай-ақ бет, мойын, кеуде және қол бөліктерінде күйік диагнозы қойылды. Қажетті ем шаралары жүргізілуде.
Тағы оқыңыз: СҚО-да өздері жұмыс істеген шаруашылықтан астық ұрлаған екі азамат 5,5 жылға сотталды