Петропавлда полиция майоры қайтыс болды. Ол басқарған көлік «Петропавл-Көкшетау» автожолындағы темір бағанға соғылған, деп жазады Qazaqstan Media.

Адам өлімі тіркелген оқиға 17-ші наурызда, сағат күндізгі үштер шамасында болған. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің арнайы мақсаттағы бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Мұхамеджанов басқарған «Toyota Estima» көлігі жол бойындағы темір қоршауға соғылады.

ЖКО салдарынан майор алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар, көлікте болған екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қаза болған полиция қызметкері демалыста болған және жеке көлігімен апатқа ұшыраған.

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтау мақсатында тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.

Тағы оқыңыз: СҚО-да су тасқынымен күресу үшін аудандарға құтқарушылар аттанды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *