Петропавл қаласындағы жиһаз дүкендерінің бірінен от шықты. Өрт төртінші желтоқсанда таңғы уақытта орын алды, деп жазады Qazaqstan Media.
«Галактика» жиһаз дүкені Астана көшесінде орналасқан. Ол үш қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған екен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, барлау мен адамдарды эвакуациялады. Құтқарушылардың шұғыл әрекеттерінің арқасында тұрғын үйден 22 адам қауіпсіз жерге шығарылды.
От баспаналарға тараған жоқ. Қысқа уақыт ішінде толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Тағы оқыңыз: Forbes тізіміне енген ресейлік экс-депутатқа Петропавлда іздеу жарияланды

