Кеше Петропавлдың Заовражная көшесіндегі жеке тұрғын үйден өрт шықты. Оқиға орнына тез жеткен төтеншеліктен тілсіз жауды бірден ауыздықтады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Оқиға 14-ші қаңтар күні кешкі 22:00-ден шамасында орын алған. Заовражная көшесіндегі жеке тұрғын үй аумағында шаруашылық ғимараттың шатырында өрт шықты. Өрттің себебі – электр жылытқышының қысқа тұйықталуы.

«Қатты аяз кезінде электр желісіне түсетін жүктеме артады. Бұл көбіне өрттің себепшісі болады. Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жедел жетіп, өртті таралуына жол бермей, тез арада сөндірді», — делінген СҚО ТЖД «Telegram» парақшасында.

Қуанышқа орай, зардап шеккендер жоқ. Төтеншеліктер тұрғындардан суық ауа райында барынша мұқият болуларын сұрайды. Себебі, апат айтып келмейді.

Тағы оқыңыз: Биыл СҚО-да музыка және агро фестиваль өтеді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *