Петропавлда жеке сектордағы үйлерді көктемде су басуы мүмкін

Петропавлдың жеке секторында орналасқан үйлерді көктемде су басуы мүмкін. Өйткені жауған қар дер кезінде шығарылмай жатыр. Салдарынан жолдар тарылып, көлік қозғалысы қиындады. Солтүстік Қазақстанда қаңтар айының басынан бері түскен жауын-шашын көлемі әдеттегі мөлшерден 3 есе көп, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі «Қазақстан» ұлттық телеарнасына сілтеме жасап

Биыл қала көшелерін қардан тазалауға 550 млн теңге бөлінген еді. Алайда, жұмыс сылбыр. Міндетіне салғырт қараған мердігер компанияға қатысты 18 әкімшілік хаттама толтырылып, 400 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Ал қаладан шыққан қар төгілетін полигонды ретке келтіруге қазынадан 24 млн теңге жұмсалмақ. Бұл мақсатқа былтыр наурыз айында дәл осындай сома бөлінген болатын.

«Бірде жаңбыр, бірде қар жауып жер беті мұз болып қатып қалды. Биыл ылғал көп. Заречный, Ойқала, Жұмысшы кенті қауіпті аймақта тұр. Жиналған қар шығарылмаса, көктемде қала орталығын да су басуы мүмкін. Өйткені суағарларлар шыдамайды», -дейді «Қазгидромет» СҚО филиалы директорының орынбасары Наталья Левина

Тағы оқыңыз:СҚО әкімі аппаратының басшысы болып Руслан Әлішев тағайындалды

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x