Таңертең Петропавловдаүы Ж.Қизатов көшесінде жеңіл автокөлік жанған. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды бірден ауыздықтады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Өрт сөндірушілер келген кезде көліктің мотор жақ бөлігі жанып жатқан. ТЖД қызметкерлері оқиға орнына бірден жетті. Үйлесімді жұмыстың арқасында тілсіз жау аз уақыттың ішінде ауыздықталды.
«Өрт туралы хабарламаны қабылдау және өңдеу, шақырту орнына жету, өртті барлау,сондай-ақ жануды сөндіруге кәсіби өрт сөндірушілерге небәрі 13 минут қана қажет болды. Зардап шеккендер жоқ», — деп мәлімдеді СҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Халық Кеңесі барлық азаматтардың мүддесін білдіреді

