Петропавлда жаңа спорт кешені ашылды

Петропавлдағы Береке шағын ауданында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру орталығы іске қосылды. Нысанның аумағы үш мың шаршы метрден асады. Үш қабатты спорт кешенінде жаттығу залы да бар, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Спорт кешенінің құрылысы 2023 жылы шілде айында басталған. Кешен төрт залдан тұрады. Оның біреуінде қазірдің өзінде «Қуаныш» волейбол клубы жаттығып жүр. Олар республикалық чемпионатқа дайындық үстінде.
Нысанның ашылуына облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен сенатор Ольга Перепечина қатысты. Олар спортшыларға сәттілік тіледі.

«Мен сіздерді волейболдан чемпионаттың басталуымен құттықтаймын. Сіздерге жанкүйерміз. Бүгінде «Қуаныш» командасы Қазақстанның күміс жүлдегерлері , кубок иегерлері. Спортшыларымыздың көбі ұлттық құрамаға мүше. Менің ойымша, клубтың болашағы зор», — деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

Сафина Нұрқожа волейболмен 2022 жылдан бері айналысып келеді екен. Қазірдің өзінде қала және облыс чемпионы.

«Маған волейбол ойнаған ұнайды. Волейболдан Азия чемпионы болуды армандаймын. Мен осындай тамаша спорт кешенін салып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан жандарға алғысымды білдіремін. Біз осында алаңсыз жаттығып, жеңістерге жете аламыз», — дейді спортшы.

Дене шынықтыру-сауықтыру орталығында күрес залы да бар. Онда 60-қа жуық бала грек-рим, еркін және қазақ күресінен жаттыға алады.

Петропавлда жаңа спорт кешені ашылды

«Қазіргі кезде біздің өңірде жас спортшылар үшін көптеген нысандар іске қосылып жатыр. Жаңа ғимараттағы жаттығу залы кең. Мұнда балалармен қатар кәсіби палуандар да жаттыға алады», — деп отыр ұлттық және олимпиада ойын түрлері бойынша клубтың жетекшісі Алтынбек Аусағитов.

Қазір бокс залында жаттығамын дейтін 10-12 жастағы балаларды қабылдау жүріп жатыр. Мұнда олар аптасына бес рет кнледі. Барлығы үш топ болады екен.
Жаңа спорт ғимаратының жанында велобаза да бар. Сонымен қатар футбол алаңы да жасалған.

Петропавлда жаңа спорт кешені ашылды

Тағы оқыңыз: СҚО-да алимент төлемеген екі ер адам түрмеге қамалды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x