Петропавлда жақын күндері жаңа май зауыты іске қосылмақ

Петропавлда жаңа май экстракциялық зауытының құрылысы аяқталды. Зауытта жылына 370 мың тонна майлы дақылдар өңделеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, жобаны «Масло-Дел Петропавловск» ЖШС жүзеге асырмақ. Олар құны 34 млрд теңге болатын жаңа май экстракциялық зауытының құрылысын аяқтаған. Зауытта жылына 370 мың тонна майлы дақылдар өңделетін болады.

«Зауыт өнімдеріне күнбағыс және зығыр майы, сондай-ақ күнжара кіреді. Сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін өндіріс кезінде суық сығымдау технологиясы қолданылатын болады. Кәсіпорында Германия, Бельгия және Түркия өндіретін заманауи жабдықтар орнатылған. Қазіргі уақытта тұқымдарды алу, дайындау және қабылдау цехтарының, сондай-ақ сорғы мен қазандықтың құрылысы аяқталды», — делінген ақпаратта.

Бүгіндері зауытта жабдықтар орнатылып, оларды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өндіріс қараша айының соңында іске қосылады деп жоспарланып отыр.

Петропавлда жақын күндері жаңа май зауыты іске қосылмақ Петропавлда жақын күндері жаңа май зауыты іске қосылмақ

Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстанда желтоқсан айында -37 градус аяз болады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x