Петропавлда жаяу жүргіншілер жолағында екі зейнеткерді көлік қағып кетті

Петропавлда 25 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан екі зейнеткерді қағып кеткен. Көлік соққан қариялар бірден ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Оқиға қаңтардың бесі сағат кешкі сегіздер шамасында Абай көшесінде тіркелген. Audi автокөлігін тізгіндеген 25 жастағы петропавлдық реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан екі зейнеткерді қағып кеткен.

«Жол-көлік оқиғасына қатысты матеиалдар жиналып, тергеу жүргізілуде. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес жүргізуші ішімдік ішпеген. Зардап шеккен 62 және 69 жастағы екі әжей бірден ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да төрт адамнан метапневмовирус анықталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *