Петропавлда жасөспірімді жыныстық қатынасқа тартқан азаматқа қатысты іс сотқа берілді

Петропавлда 14 жасар қызды жыныстық қатынасқа тартқан азаматқа қатысты іс сотқа берілді. Істі СҚО кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының судьясы Әлия Жұмабаева жүргізетін болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Іс ҚР ҚК 122-бабы 1-бөлігі («Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау») бойынша сотқа берілген. Жәбірленуші кәмелет жасына толмағандықтан сот процессі жабық түрде өтеді.

Еске сала кетейік, аталған факт биыл қаңтар айының басында тіркелді. Сол кезде петропавлдық полицейлер оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түскен ер адамды ұстаған болатын.

Айта кету қажет, 28 жастағы азамат қаладағы Әлихан Бөкейхан атындағы №25 мектептің психологы болып қызмет істеген. Облыстық білім басқармасындағылар оның сол күні-ақ жұмыстан босатылғандығын айтты.

Тағы оқыңыз: Петропавлда көлік жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кетті

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x