Петропавлда жастардың белсенділігін арттыруға арналған экоакция өтті. Шара барысында ұл-қыздар үлкен ақпараттық баннерге өз армандарын, суреттерін және Қазақстанның келешегі туралы ойларын қалдырды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Шара барысында жастарға «Мен Қазақстанды 10 жылдан кейін қалай елестетемін? » деге сұрақ қойылды. Олар жауабын ақпараттық баннерге жазды. Әрбіреуінің жауабы — әртүрлі, бірақ барлығы табиғатымыздың гүлденгенін қалайды.
«Акцияның басты мақсаты –жастардың экологиялық жауапкершілігін арттыру. Сонымен қатар, қала аумағының тазалығын жақсарту, жас ұрпақты табиғатты қорғауға шақыру. Шара «Таза Қазақстан» акциясының аясында өткізіліп жатыр», — деді Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Дамир Әбдин.
Айта кету керек, Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығы жыл басынан «Таза Қазақстан» акциясы аясында 900-ге жуық шара өткізген.
Тағы оқыңыз: ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Есіл ауданының тұрғындарымен кездесті