Петропавлда «Enbek star» атты кәсіби бағдарлау форумы өтті. Шара аясында қала әкімдігі мен «Қызылжар» креатив орталығы аясында меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Шарапаты мол шара «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өткізіліп отыр. Жиынға қаламыздағы беделді компаниялардың басшылары келіп, жастарға бағдар береді. Басқосудың шымылдығын Серік Мұхамедиев ашып, форумның маңыздылығына тоқталды.

Петропавлда жастарды еңбекке баулитын форум өтті
Петропавлда жастарды еңбекке баулитын форум өтті

«Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» жеп жариялады. Бұл шешім кездейсоқ емес. Жұмысшы мамандықтар мемлекет дамуының, оның экономикасы мен әлеуметтік тұрақтылығының берік негізі болып табылады. Бүгінгі форум әрқайсысыларыңыз үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деп сенемін», — деді Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев.

Форум аясында тағы бір елеулі оқиғаның куәсі болдық. Қала әкімдігі мен «Қызылжар» креатив орталығы арасында меморандумға қол қойылды. Келісім аясында Петропавлда тың идеялар көбейетіні сөзсіз.

Петропавлда жастарды еңбекке баулитын форум өтті
Петропавлда жастарды еңбекке баулитын форум өтті

Форум жастар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Себебі, мұнда өмірде талай қиындыққа тап болып, оны жеңіп шыққан кәсіпкерлер шақыртылған. Білікті мамандардың қыз-жігіттерге берері мол.

Шараға жұмыс беруші кәсіпорындар да шақыртылған. Жастар мамандар сөйлесіп, екі қолына бір күрек таба алады.

Петропавлда жастарды еңбекке баулитын форум өтті
Петропавлда жастарды еңбекке баулитын форум өтті

Тағы оқыңыз: СҚО-да «қара тізімде» болуы тиіс кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алуға қатысып келген

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *