Петропавлда «Таза Қазақстан» акциясы аясында кезекті шара өтті. Бүгінді басқосуда студенттердің экологиялық білімі сыналды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

«Таза жүрекпен — таза қалаға» атауы берілген шараға Ескендір Дәуітов атындық қалалық қызмет көрсету колледжінің студенттері қатысты. Жастарға планета және экология жайлы сұрақтар қойылды. Шарада ұл-қыздарға қоқыс тастау мәдениеті де түсіндірілді.

Петропавлда жастардың экологиялық білімі сыналды
Петропавлда жастардың экологиялық білімі сыналды

«Байқаудың басты мақсаты — жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру, экологиялық сауаттылығын дамыту. Сонымен қатар, ұл-қыздарды қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне баса назар аударғанын қалаймыз. Бүгінгі шарадан жастардың білімі жоғары екенін көрдік. Бұл — қуанышты жағдай», — деді Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Дамир Әбдин.

Экологиялық сайыста төрт команда бақ сынады. Әрқайсысының құрамында алты адамнан бар. Жарыс соңында дараланғандарына бағалы сыйлықтар табысталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шараларды жиі өткізу қажет. Себебі, экологиялық сауатты жас әрқашан қоғамның дамуына сүбелі үлесін қосады.

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы жаңадан ашылған әлеуметтік нысандарда мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалмаған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *