Петропавлда жастарға арналған экологиялық кинокөрсетілім ұйымдастырылды. Шараның өскелең ұрпақ үшін маңызы зор, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Фильмнің астында біршама экологиялық мәселе жатыр. Мәселен, қазіргі таңда адамдар арасында қоқыс мәдениеті жоқ. Қалдықтарды жәшікке дұрыс тастамайды. Туындыда осы жайлы біраз дүние көрсетілген.

Фильмде жануарларға деген қамқорлық көрсетілген. Аң — орман көркі. Оны лажы болса атпаған жөн. Фильмде осыны үйретеді. Шараға 40-қа жуық жас қатысты.

«Фильмнен көп ой түйдім. Адамның салғырттығынан жануарларға төнетін қауіп жайында ойлана бермейді екенбіз. Адамзаттың жауапсыздығы төртаяқтылардың азаюына әкелуі мүмкін»,- деді студент Максим Дундуков.

Тағы оқыңыз: СҚО-да киноиндустрияны дамыту мақсатында «JARQYRA» республикалық кастингі өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *