Петропавлда экологияны дәріптеу мақсатында ерекше шара ұйымдастырылды. Бұл жолы басқосу әдеттегідей ғимарат ішінде емес, табиғат аясында өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
СҚО — тұмса табиғатымен бүкіл елге танымал. Баға жетпес байлықты сақтау — жастардың басты міндеті. Сондықтан ұл-қыздарды осы бастан экологиялық тәрбиеге баулуымыз қажет. Шара өте қызықты өтті. Викториналар ұйымдастырылып, тәтті тағамдар ұсынылды.

«Мен ешқашан қоқысты көшеге тастаған емеспін. Бұл — біздің Табиғат анаға деген құрметсіздігімізді көрсетеді. Экологиялық тәрбие балаларға мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап үйретілген дұрыс деп санаймын. Петропавл — таза қала. Шаһардың мұнтаздай болуы — өз қолымызда»,- деді қала тұрғыны Дениэль Эдилов.
Шараны «JE SKO» штабы ұйымтастырған. Мұндай басқосулардың арқасында жастар жаңа достар тауып, үнемшілдікке үйренеді.
«Жастарды экоыдыстарды қалай пайдалану керектігін үйреттік. Экология жайлы мол мағлұмат бердік. Викторина ұйымдастырдық. Дұрыс жауап бергендеріне, тәтті сыйлықтар табысталды»,- деді «JE SKO» штабының жетекшісі Даяна Баймұқанова.
Тағы оқыңыз: Ақжар ауданы әкімі: мемлекеттік қызметке ешкім келгісі келмейді