Петропавлда жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды

12 тамыз — Халықаралық жастар күні. Осыған орай Петропавлда жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, түрлі бағдарламалар бойынша кеңестер берілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Наталья Глущенконың жасы 15-те ғана болса да болашағына алаңдайтын ол мамандармен тілдесіп, жұмыс жайлы білуге келген. Жасөспірім қазірдің өзінде қол қусырып отырған жоқ. Ол анасы сияқты еріктілер клубына кіріп, мұқтаж жандарға көмек көрсетеді.

Петропавлда жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды

«Маған әлі жұмысқа тұруға ерте. Бірақ келер жылы 16-ға толамын. Сол кезде осы жерде ұсынылған кей жұмыстарға орналаса алады екенмін. Жазғы уақытта ақша тауып, отбасыма көмектескім келеді. Оның үстіне бұл жерде «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы» сынды көптеген бағдарламалармен таныстым. Егер ауылға еңбек етуге барсам, үй беріліп, көтерме ақы алуға болады екен. Осы шарадан өзім бұрын білмеген көп ақпарат алдым», — дейді жасөспірім.

Жәрмеңкеге 30-ға жуық жас келді. Оларға мамандар 200-ге жуық бос жұмыс орнын ұсынды.

Петропавлда жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды Петропавлда жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды

«Біз жастарға «Бірінші жұмыс орны», «Жастар практикасы» және «Ұрпақтар сабақтастығы» бағдарламалары жайлы ақпарат беріп жатырмыз. Жыл басталғалы біз «Жастар практикасы» жобасы бойынша 130-дан астам адамды жұмысқа орналастырдық. Ал «Бірінші жұмыс орны» бағдарламасы арқылы 35 петропавлдық екі қолға бір күрекпен қамтамасыз етілді», — деді Петропавл қалалық мансап орталығының маманы Камила Сейтказина.

Жыл басталғалы облыстық жастар ресурстық орталығына 1638 жас жүгінген. Олардың 1405-і жұмыспен қамтылыпты.

Тағы оқыңыз: Көшпенділер ойындарында теңге ілуден үш спортшы қатысады

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x