Петропавлдағы зауытта жасалған 30 вагон  №7/8 «Алматы-2 – Саратов» бағыты бойынша жолға шықты.  Жаңа вагондар халықаралық стандарттарға сай жобаланған. Әр купеде эргономикалық ұйықтайтын орындар, жеке жарық шамдары, бас тірегіштер, гаджеттерін қуаттауға арналған USB порттары және электр розеткалары бар. Бұл жаңарту жолаушыларға заманауи әрі жайлы вагондармен жол жүруге мүмкіндік береді, деп жазады Qazaqstan Media.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның жылжымалы құрам паркі 30 жаңа жолаушылар вагонымен толықты. Жаңа құрамда әр пойызда 10 вагон бар, оның ішінде бес купелік және бес плацкарт вагон. Бір бағытта 400-ден астам жолаушы тасымалданады. Пойыз жұп күндері қатынайды.  

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында жолаушылар вагондарын жаңартуды көлік инфрақұрылымын дамытудың басым бағыттарының бірі ретінде атап өтті. Осы тапсырманы орындау аясында компаниямыз жылжымалы құрамды жаңғырту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Бүгін іске қосылған «Алматы – Саратов» бағытына арналған жаңа вагондар өңіраралық қатынастарды дамытуда маңызды қадам болады», – деп атап өтті, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Ахметжанов.

Вагондарда мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін арнайы бейімделген купелер мен арбаларға арналған орындар қарастырылған. Сондай-ақ, жолсеріктерді шақыру батырмалары орнатылған. Вагондардың қызмет ету мерзімі – 40 жыл.

Соңғы екі жылда «Жолаушылар тасымалы» АҚ отандық өндіруші «ЗИКСТО» ЖШС-дан 318 жолаушылар вагонын сатып алды. Олардың 241-і пайдалануға берілді.  Бұдан бөлек, 2025–2027 жылдары «ЗИКСТО» ЖШС-нің 350 вагоны кезең-кезеңімен пайдалануға беру жоспарланған. Алғашқы 100 вагон биыл жеткізіледі.

Тағы оқыңыз: Қазақстандағы оқушы мен мұғалім аз мектептерде кей пәндер онлайн оқытылады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *