Петропавлда 21 жасар жігіт рөлге ие бола алмай гаражға соғылды. Оқыс оқиға Сәтпаев көшесінде орын алған, деп хабарлайды Qazaqstan Mediа тілшісі.
Полицейлердің мәліметінше, жол апаты жайлы хабар 15 маусым сағат таңғы 04:42 шамасында келіп түскен. BMW 530 автокөлігін тізгіндеген 21 жастағы ер адам рөлге ие бола алмай, алдымен ағаш пен бетон плитаға, кейін гаражға соғылған. Жас жігіт бірден қалалық ауруханаға жеткізілді. Ал, темір тұлпар мамандандырылған тұраққа қойылған.
“Аталған факті ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізілуде”, — деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері.
Тағы оқыңыз: СҚО-да жыл басынан 1 адам суға кетті