Петропавлда жас отбасы референдумға ұлттық киіммен келді

Петропавлда қоғам белсендісі, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының маманы Сәлімхан Сәбитов референдумға ұлттық киіммен келді. Отағасының идеясын жолдасы мен қызы да қолдап, қазақтың  қамзолы мен бүрмелі көйлегін киген, деп жазады Qazaqstan Media.

Қоғам белсендісі Сәлімхан Сәбитов өңірде ұйымдастырылатын түрлі әлеуметтік-саяси шаралардан қалыс қалмайды. Бүгін мүмкіндігі шектеулі жан референдумға отбасымен бірге келген.  Жұбайы және қызы үшеуі қазақтың ұлттық киімін киіпті. Сәлімхан шапан мен тақия, ал келіншегі мен қызы бүрмелі көйлек, қамзол және қазақтың келініне сай ақ орамал таққан.

«Бүгін отбасыммен дауыс беруге келдім. Бұл азаматтық міндетіміз деп білемін. Әр адамның дауысы маңызды. Қазақстан Республикасының азаматы болғандықтан, өзіміздің патриоттық сезімімізді ұлттық киім арқылы білдіргіміз келді. Бұл ойымды келіншегім де құптады», — дейді Сәлімхан Сәбитов.

Сәбитовтар жанұясы Жас өркен шағын ауданындағы  592-ші референдум учаскесінде дауыс берген. Мұнда барлығы 2290 дауыс беруші тіркелген. Күннің алғашқы жартысында 500-ден астам азамат өз таңдауын жасап үлгеріпті.

Тағы оқыңыз: Петропавлдық студент алғаш рет дауыс берді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *