Петропавлда жасөспірім төбелес кезінде жарақат алды. 12 қазан күні кешке қалалық №1 полиция бөліміне облыстық көпбейінді балалар ауруханасынан хабарласқан. Дәрігерлер медициналық мекемеге 10-сыныпта оқитын 16 жастағы жасөспірім бет жарақатымен жүгінгенін айтқан, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Дәрігерлер оның мұрнының жабық сынуын анықтаған. Полицияның мәліметінше, жасөспірім жарақатты бір күн бұрын «Дельфин» балалар спорт мектебінің аумағында болған төбелес кезінде алған. Құрдастар арасындағы сөзталас төбелеске ұласқан.

«Аталған факті бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Екі жасөспірім де профилактикалық есепке қойылды. Қазір оқиғаға қатысушылар мен куәгерлерден түсініктемелер алынып, қажетті тексерулер жүргізілуде, – деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, мектеп педагогтарымен бірлесіп, мұндай жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндіру және профилактикалық жұмыстар күшейтілген. Полиция өкілдері бұл оқиға ерекше бақылауда екенін атап өтті.

Ал прокуратураның мәліметінше, жасөспірімдер арасындағы жанжал біраз уақыттан бері ушығып жүрген. Алайда алдын алу шаралары дер кезінде қолданылмапты.

Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстанда МӘМС-тің арқасында алғаш рет ми ісігіне эмболизация отасы жасалды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *