Жылдамдық пен төзімділік сыналатын сайыс. Петропавлда үлкен теннистен жастар арасында халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Петропавлдың мұндай байрақты бәсекелерді қабылдауға толықтай мүмкіндігі бар. Себебі, шаһарда өткен айда ғана теннис орталығы қайта жаңғыртудан кейін ашылған болатын. Дүбірлі дода «Tennis Europe Junior Tour» деп аталады.

«Жарысқа 64 ұл-қыз қатысуда. Жас ерекшеліктері- 14-16 жас аралығы. Байрақты бәсекеге Ресеймен Өзбекстаннан теннисшілер келді. Өзіміздің үздік деген ойыншыларымыз да бақ сынауда», — деді Қазақстан теннис федерациясының менеджері Жасұлан Сартаев.
Жарыс қаңтардың 10-ы басталды. 16-сы күні өз мәресіне жетеді. Дүбірлі додада өңір намысын Камила Билялова қорғауда. Жалынды жас тенниспен жеті жылдан бері айналысады.
«Өкінішке қарай, бірінші қарсыласыма есе жіберді. Соның кесірінен ақтық сынға шығу мүмкіндігінен айырылдым. Бірақ, жүлдеден әлі де үмітім бар. Ол үшін жұбаныш кездесуде ұтуға тиіспін. Халықаралық турнир бәсекегк толы екен. Алғаш рет қатысып отырмын», — деді жас теннисші Камила Билялова.
Тағы оқыңыз: Биыл әскерилердің жалақысы өседі

