Мемлекеттік тілді жарнама арқылы насихаттау. Петропавлда  «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» атты облыстық байқау өтті. Іс-шараның мақсаты – қазақ тіліндегі визуалды ақпараттардың сапасы мен сауаттылығына назар аудару, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Облыстық байқау қатарынан үшінші жыл өткізіліп келеді. Байқауға бизнес өкілдері, жарнама агенттіктері мен баспахана кәсіпорындарының қызметкерлері қатысты.

«Біздің ономастика жұмысының бағыты көрнекі ақпаратты да жүргізу. Оның ішінде жарнама агенттіктерімен бірлесе жұмыс істеп, олардың қазақ тіліндегі мәтіндерін дұрыстау және келісу болып табылады. Осы жылдың басынан бастап, 70-тен астам эскиздер мен жарнама және  50-60 жарнама мәтіні келісілді»,-деді СҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бас маманы Еркеш Ерденова.

Байқауға 11 өтінім келіп түсті. Оның ішінде қазылар алқасы тоғыз жұмысты іріктеп алды. Ұсынылған жұмыстар әртүрлі бағыттарды қамтиды – қаптама дизайнынан бастап баннерлер мен маңдайшаларға дейін бар.

Петропавлда «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» облыстық байқауы өтті
Петропавлда «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» облыстық байқауы өтті

«Бүгінгі байқау өңіріміздегі сауда көлемін арттыру үшін қазақ тілін тереңірек меңгеру мен жетілдіруге бағытталған. Біздің өнімдердің қаптамасында – сүттен бастап, қаймақ, айранға дейін – барлық жерде міндетті түрде екі тіл қолданылады: жапсырмаларда, жарнамалық өнімдерде де»,-деді «Зенченко и К» КС сату бөлімінің басшысы Анастасия Ильясова. 

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен, алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Ең үздік жұмыстар республикалық кезеңге жолдама алды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да зиратқа барған зейнеткер үстіне ағаш құлап, көз жұмды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *