[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/04/4ab6cb1e-aef1-46cf-a286-70ba0e934816-1.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ global_colors_info=»{}» sticky_enabled=»0″]

Облыс орталығында жалпықалалық сенбілік өтті. Қала көшелерін қоқыстан тазартуға ардагерлер мен жастар және 65 мемлекеттік мекеме қызметкерлері шықты. Игі істен өңір жетекшісі Айдарбек Сапаров та қалыс қалмады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавл тұрғындары қытымыр қыстан кейін қолдарына сыпырғыш, күрек, тьрнауыштарын алып қала көшелерін ретке келтіруге шықты. Әкімдік қызметкерлері де костюмдерін қарапайым жұмыс киімдеріне ауыстырып ортақ іске білек сыбана кірісті. Игі шарадан қалалық ардагерлер кеңесі, студенттер, волонтерлер және белсенділер қалыс қалмады. Мәселен, қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Жанат Кәкімовтің сөзінше, мұндай сенбілікті олар алғаш рет колледждер мен университет студенттерімен бірлесіп сәуірдің 2-сі өткізген. Жастар қаладағы ядролық апат құрбандарына арналған ескерткіштің маңын қоқыстан тазартқан.

«Бүгінгі жалпықалалық сенбілікке түрлі колледж, университет студенттері, белсенділер мен волонтерлер қатысуда. Жалпы 50 адам. Барлығымыз қала саябағын қоқыстан тазартып, өткен жылдан қалған қураған шөп, жапырақтарды жинап жатырмыз. Мұндай игі іс-шараны біз әр апта сайын өткізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, бүгін облыс және қала әкімдерінің бастамасына қолдау көрсету мақсатында әр білім беру ордасында да сенбілік өтуде. Жастар белсенді қатысуда»,-дейді Петропавл қаласының жастар ресурстық орталығының басшысы Жанат Кәкімов.

Жалпықалалық сенбілікке облыс әкімі Айдарбек Сапаров пен қала әкімі Руслан Аңбаев та ат салысты. Өңір жетекшісі қазыналы қариялар және белсенді жастармен көпшіліктің сүйікті демалыс орны – қалалық саябақты қоқыстан тазартты.

Жалпы бұл күні көп қабатты тұрғын үйлердің аулалары, білім ордалары, мәдениет ошақтары мен денсаулық сақтау мекемелерінің маңы және де Жеңіс саябағы, Ауған соғысы жауынгерлеріне арналған саябақ қоқыстан тазартылды.

«Сенбілікке қалалық ардагерлер кеңесінен 45 адам қатысуда. Бір легі қалалық саябақта, енді біреулері Жеңіс саябағында және қалған бөлігі ауған соғысы жауынгерлеріне арналған саябақты ретке келтіруде. Осындай игі іске жастармен қатар қатысып жатқанымызға өте қуаныштымыз. Осылайша, қала көшелерін қоқыстан тазартып, жерлестерімізге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаймыз. Жалпы Петропавл халқын сүйікті қаламызды тазалықта ұстауға шақырамын», -дейді Петропавл қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Иманғали Татваев.

Жиналған қоқысты шығаруға 7 тиегіш пен 15 камаз жұмылдырылды.

[/et_pb_text][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/04/d48692f0-9fc3-4ccb-8925-1948291db52e.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x