Петропавлда WhatsApp мессенджеріндегі чаттарда жалған ақпарат таратқан 27 жастағы қала тұрғыныны жауапқа тартылды. Ол 36 мың теңгеден артық айыппұл төлейтін болады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

27 жастағы тұрғын эвакопункттер орналасқан мектептердің бірінің мұғалімдері жеткізіліп жатқан гуманитарлық көмекті ұрлап жатыр деген дауыстық хабарлама таратқан. Аталмыш білім ордасының директоры полицияға жүгінеді. Жүргізілген тексеру таратылған ақпараттың жалған екендігін анықтады.

«Жалған ақпараттың авторы ҚР ӘҚБтК-нің «Жалған ақпарат орналастыру, тарату» бабы бойынша анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 10 АЕК — 36 920 теңге сомасындағы айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. Тәртіп сақшылары адамдардан жалған ақпарат таратудан бас тартуды сұрайды», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда вейпке заңмен тыйым салынады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x