Биыл жаңа жылдық мұз қалашықтары Петропавлдың 7 алаңында салынатын болады. Шаһарды мерекелік безендіру жайында өңірдік коммуникациялар алаңында өткен брифингте қала әкімі Серік Мұхамедиев айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Петропавлды жаңа жылдық мерекеге орай безендіру жұмыстарына биыл да кәсіпкерлер тартылатын болады. Қала әкімі жұртшылық үшін мерекені көпшілік болып жасау керек дейді. Айтуынша, шыршалар мен сырғанақтар биыл Перопавлдың 7 ауданында орналастырылатын болады. Ол — облыстық және қалалық әкімдік маңы, Береке мен Жас өркен ықшам аудандары, Жеңіс саябағы мен Пестрое көлінің маңы.
«Біз биыл Пестрое көлі маңындағы алаңға көп көңіл бөліп отырмыз. Ол жерге де мұз қалашығын салып, шырша орнатамыз, мерекелік алаң болады. Халық демалатын жақсы орын ұйымдастырмақшымыз. Жалпы қаланы безендіру үшін кәсіпкерлерді тартамыз. Жеке бизнес нысандары көшелерді әсемдеуге ат салысады. Қаражатты әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге жұмсаған тиімді деп ойлаймын», — деп нақтылады Серік Мұхамедиев.
Тағы оқыңыз: Петропавл қалалық әкімдігі қоқыс шығаратын бес жаңа машина сатып алды