Петропавлда жаңа құрылған Бірлік шағын ауданында № 14 учаскелік полиция пункті өз жұмысын бастады. Онда Ерлан Нөгербеков учаскелік инспектор болып қызмет етеді, деп жазады Qazaqstan Media.

Нысанның жалпы ауданы 100 шаршы метр. Мұнда екі қызметтік кабинет, фойе бар. Компьютерлік техникамен, жиһазбен және басқа да қажетті құралдармен жабдықталған.

Полиция аға лейтенанты Ерлан Нөгербеков учаскелік полиция пункті мен сол маңдағы қызметтік үйдің кілтін салтанатты жиын кезінде алды. Ол кәсіпкерлердің қаражатына салынған.

«Жаңа ауданда учаскелік полиция пункті бой көтерді. Енді адамдар сұрақтарымен тікелей осында жүгіне алады. Учаскелік инспектормен бірге жедел уәкіл, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор қызмет көрсетеді. Аудандағы қоғамдық тәртіпті бақылап отыру үшін полиция пунктінің мониторына төрт бейнебақылау камерасы қосылған. Полиция қосынының қолданысқа берілуі «қолжетімді полиция» қағидатын іске асырудағы маңызды қадамдардың бірі», – дейді СҚО полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жүк көлігі соғып кеткен әйел ауруханада көз жұмды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x