Бүгін «Береке» ықшам ауданында ақ түйенің қарны жарылған күн. Елді мекенде су жаңа мектеп ашылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жаңа оқу жылы — су жаңа мектеп. «Береке» ықшам ауданында су жаңа мектеп қолданысқа берілді. Білім ұясы бір ауысымда 600 орынға шақталған. Бүгінде 700-ден астам оқушы қабылданыпты.

Салтанатты шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Өңір жетекшісі балаларды білім күнімен құттықтады. Жергілікті әкімдіктен балаларға әрдайым зор қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Петропавлда жаңа оқу жылында су жаңа мектеп ашылды
Петропавлда жаңа оқу жылында су жаңа мектеп ашылды

«Мына тұрған балақайлардың барлығы — елдің болашағы. Жеткіншектер заманауи, іші кең, бар жағдай жасалған білім ұясында оқуы тиіс. Осының арқасында елімізде қарыштап дамиды. Сондықтан жергілікті әкімдік пен ұстаздар бірігіп жарқын болашаққа жол ашайық»,- деді СҚО әкімі.

Қыздардың басында ақ бантик, ұлдар мойындарына галстук байлаған. Үстерінде – дәстүрлі жаңа мектеп формасы. Бәрінің мақсаты – озат оқушы атану.

Петропавлда жаңа оқу жылында су жаңа мектеп ашылды
Петропавлда жаңа оқу жылында су жаңа мектеп ашылды

«Мен мектепке дайынмын. Жаз бойы дайындалдым. Кітап оқыдым. Бүгін сыныптастарыммен танысып, дос болдым. Сабағымды жақсы оқитын боламын»,- деді №29 жалпы білім беретін мектептің бірінші сынып оқушысы Айым Темірхан.

Заманауи нысанның іші кез келген жанды таңдай қақтырады. Жарық, кең әрі еңселі сыныптар, соңғы үлгідегі құрал-жабдық пен жиһаз. Облыс әкімі білім ұясын толық аралап шықты. Әр аялдаған жерінде өзінің оң бағасын берді. Ұстаздарға сәттілік тіледі.

Мектеп базасы балаларға қажетті барлық құралмен жабдықталған. Нысанда 30-дан астам оқыту бөлмесі, екі спорт зал, компьютер кабинеттері, мәжіліс залы мен кітапхана және асхана бар.

Петропавлда жаңа оқу жылында су жаңа мектеп ашылды
Петропавлда жаңа оқу жылында су жаңа мектеп ашылды

«Жоба құны — 4,9 млрд теңге. Білім ұясы “Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жүзеге асты. Мектеп 80-нен астам мұғалім жұмыс істейді. Әрбіреуі іріктеуімізден өткен білікті мамандар»,- деді №29 жалпы білім беретін мектептің директоры Сәуле Тұрсынова.

Бұл Петропавлдағы «Келешек мектептері» жобасы аясында ашылған екінші білім ұясы.

Тағы оқыңыз: Петропавлда ұлттық киімдер дүкені ашылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *