Петропавл қаласының Жас Өркен шағынауданында 280 орындық жаңа балабақша құрылысы жалғасып жатыр. Солтүстік Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметінше, қазіргі кезде жұмыстар соңына таяп қалған,  деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Мектепке дейінгі ұйым екі қабатты болады. Құрылысшылардың айтуынша, барлық жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде. Балабақша 2025 жылдың желтоқсан айында толық дайын болып, пайдалануға беріледі. Мерзімнің кейінге шегерілуі жоспарланбаған.

«Бас мердігер – «Основание» ЖШС. Егер жұмыс кестеден кешіксе, айыппұл санкциялары қарастырылған — бұл келісімшартта көрсетілген. Құрылыс арнайы мемлекеттік қордан қаржыландырылуда. Жобаның жалпы құны – 1,9 млрд теңге», – деді Солтүстік Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Біржан Күшербаев.

Ведомство өкілдері барлық құрылыс-монтаж жұмыстары жобалық-сметалық құжаттамаға толық сәйкес, өзгеріссіз орындалып жатқанын атап өтті. Бюджет қаржысының жұмсалуын тапсырыс беруші, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалау бақылап отыр. Нысанның дайындығы – 80%. Балабақша қызметі 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін толықтай мемлекеттік тілде жүргізілетін болады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да республикалық додаларда атой салған жас каратешілер құрметке бөленді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *