Терезені сындырып, зергерлік дүкенге кіріп, ішіндегі бағалы заттарды ұрлаған. Полицейлер Петропавлда қоғамның қызу талқысына түскен қылмысты ізін суытпай әшкереледі, деп жазады Qazaqstan Media.

Күдіктінің ізіне түсуге куәгерлер мен бейнебақылау камералары көмектескен. Бірнеше күн ішінде жедел уәкілдер өрт қоюшының кім екенін анықтап қана қоймай, оның жасырып кеткен заттарын да тапқан. Ұры ұрланған әшекейлерді қылмыс орнынан алыс емес жерге тығып кеткен.

Тәртіп сақшылары сауда үйінің айналасындағы бейнебақылау камераларын тексеріп, күдік тудырған адамды анықтады. Ол өрт болардан сәл бұрын сол маңда жүрген және «Галактика» сауда үйіне қарама-қарсы орналасқан бос сауда шатырында жасырынып жатқан. Полицейлер сол жерден құны 1 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымдары бар түйіншекті тапты. Толық тексеріс нәтижесінде осы адамның сауда үйіне өрт қойғаны белгілі болды.

Бейнежазбалардың арқасында ерте таңертең күдікті адамды байқап қалған куәгер де табылды. Полицейлердің болжамынша, ол барлығын көріп қалғандықтан қаскөй өрттен кейін әшекейлерді бірден алып кете алмаған.

«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұрлық пен бөтеннің мүлкін қасақана жою бойынша 32 жастағы ер адас күдікке ілініп, қамауға алынды. Ол бұрын сотталған», – деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, жас жігіттің тыйым салынған заттарға әуестігі бар екені белгілі болды. Еске сала кетейік, өрт 4 желтоқсан күні таңсәріде Астана көшесі, 36 мекенжайында орналасқан «Галактика» жиһаз салонында болды. Өрттен зергерлік шеберхана толықтай жанып кетті.

Таңғы уақытта құтқарушылар сол маңдағы үйдің тұрғындарын эвакуациялауға мәжбүр болды. Алдында өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шықғуы мүмкін деген болжам жасалған еді. Алайда полицейлер от ең қатты зақымдаған нысан – зергерлік шеберхана екенін ескерген.

Тағы оқыңыз: СҚО-да «куратор» болған деген күдікпен есірткі сатқан азамат қолға түсті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *