Петропавлдағы «Южный» базарында зейнеткер әйелді жүк көлігімен қағып, өлтірген жүргізушіге үкім шығарылды. Жүргізуші белгі беріп, айналасына қарап, жолдың босауын күткен. Ең бастысы — алдында ешкім жоқ деп сенімді болған. Бірақ бәрі санаулы секундта түсіне кіріп шықпайтын оқиға орын алды. Петропавлда «Южный» базары маңында болған қоғамның қызу талқысына түскен жол-көлік оқиғасына қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Qazaqstan Media хабарлайды.

Қайғылы оқиға өткен жылдың 25-тамызында болған. 30 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі Кенан Алиев базарға шабдалы тиелген фура әкеліп, жүк түсіруге дайындалған. Ер адамның айтуынша, ол маневр алдында барлық қажетті әрекеттерді жасаған: белгі берген, көліктерді алып тастауды сұраған, аумақты қарап шыққан. Алайда бұл жеткіліксіз болыпты.

«Маневр жасау кезінде «Артқа жүр!»деген айқайларды естіп, кабинадан шықпай, бірден шамамен бір жарым метр артқа жүрдім. Сол сәтте басқа көлікке тиіп кеткен шығармын деп ойладым. Ешқандай соққыны сезбедім. Артқа жүргеннен кейін көліктен түсіп қарасам, алдымда жатқан егде жастағы әйелді көрдім. Оны байқамай басып кеткен екенмін. Әйелді көрмедім, себебі алдыңғы жақта екі метрлік көрінбейтін аймақ болды», — деді айыпталушы.

Дәл осы көрінбейтін аймақ қайғылы жағдайға себеп болды. Соққы өте ауыр болған: сарапшылар көптеген сынықтар мен ішкі ағзалардың жыртылуын тіркеді. Әйелдің тірі қалу мүмкіндігі болмаған.
Айта кету керек, базардағы көптеген адамдар марқұмды танитын.

Куәгерлердің бірі оның 2008 жылдан бері базарда жұмыс істегенін, соңғы уақытта таныстарына келіп жүргенін айтты. Куәгерлердің айтуынша, Алиев қозғалар алдында бірнеше рет белгі берген. Оқиғадан кейін ол қатты күйзеліске түсіп, жылаған.

Тағы оқыңыз: Уәлиханов ауданында жаңа өрт сөндіру бекеттері ашылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *