Петропавл қаласындағы көп бейінді қалалық ауруханасына беті, мойны, құлағы мен сол жақ білегі күйіп қалған 68 жастағы әйел жүгінді. Дәрігерлер оның денесінің шамамен 5%-ын термиялық күйік шалғанын анықтады. Зардап шеккен азаматшаның айтуынша, ол моншада абайсызда қайнаған суға күйіп қалған, деп жазады Qazaqstan Media.

Ыстық суға күйіп қалған кезде зейнеткер дәрігерге жүгінбей, жарасы өздігінен жазылады деп ойлаған. Алайда бірнеше күн өткеннен кейін жағдайы нашарлап, ісік ұлғайып, дене қызуы көтеріліп, әлсіздік пайда болған.

Дәрігерлер науқасты толық тексеріп, жақ-бет хирургиясы бөлімшесіне жатқызды. Оған қажетті ем-дом тағайындалып, жаралары күнделікті өңделді. Сонымен қатар, травматолог-ортопед кеңес беріп, кешенді ем жүргізілді.

Уақытында көрсетілген медициналық көмектің арқасында науқастың жағдайы жақсарып, күйік шалған жерлер жазыла бастады. Қазіргі таңда ол үйіне шығарылып, амбулаториялық бақылауда.

«Қайнаған суға күйген жағдайда зақымданған жерді 10–15 минут бойы салқын (мұздай емес) сумен шаю керек. Егер киім теріге жабыспаған болса, оны мұқият шешіп, күйген жерге май, спирт, йод немесе басқа заттарды жақпаған абзал. Таза, стерильді таңғышпен таңып, міндетті түрде дәрігерге қаралу керек»,- деп кеңес береді мамандар.

Дәрігерлер бет, мойын, қол, буындар, сондай-ақ балалар мен егде жастағы адамдардың күйік жарақаты аса қауіпті дейді дәрігерлер.

Тағы оқыңыз: Петропавлда металл контейнер мен қойма өртенді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *