Төртінші тамызда Петропавл қаласында Сәтпаев көшесіндегі гаражында жұмыс істеп жүрген 68 жастағы ер адам химиялық бояғыштардың иісінен уланған. Ол нысанды желдетпеген, деп жазады Qazaqstan Media.

Химиялық иістен уланды деген зейнеткер жедел жәрдем арқылы қалалық көпбейінді ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер жағдайын ауыр деп бағалап,бірден жансақтау бөліміне жатқызды.

«Қабылдау бөлімінде оны терапевт, невролог және реаниматолог мамандар қарап шықты. Алдын ала қойылған диагноз – белгісіз заттардан улану. Науқас дереу жансақтау бөліміне жатқызылды.

Екінші күні зейнеткер терапиялық бөлімшеге ауыстырылды. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр, бірақ тұрақты деп бағалап отыр. Қазіргі уақытта науқас қажетті ем алып, мамандардың бақылауында»,-деп нақтылады аурухананың баспасөз қызметі.

Гаражда жұмыс істеу барысында улану фактісі бойынша  полиция тексеріс жүргізіп жатыр.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда әскерге шақыру тәртібі өзгерді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *