Петропавлда зейнеткер алтыншы қабаттан құлап, мерт болды

Петропавлда 73 жастағы кейуана алтыншы қабаттан құлап кетті. Полицейлер осы іске қатысты қылмыстық іс қозғаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қайғылы оқиға қаңтардың 8-і болған. 73 жастағы кейуана Абай көшесінде орналасқан үйлердің бірінің терезесінен құлап кетіп, оқиға орнында мерт болды.

«Полицейлер қайтыс болған зейнеткердің жеке басын анықтады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Жуырда Заречный кентінде 52 жастағы әйел өз пәтерінің терезесінен құлап, қайтыс болған еді.

Тағы оқыңыз: Квота бөлінді: СҚО биыл 175 қандасты қабылдамақ

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *