31-ші қазан күні Петропавлда жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, 73 жастағы үй иесі зардап шекті, деп жазады Qazaqstan Media.

Өрт Казахстанская правда көшесіндегі жеке тұрғын үйден шыққан. Оқиға болған жерге дереу жеткен төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жанып жатқан баспанадан 73 жастағы үй иесін алып шықты. Сонымен қатар, екі газ баллонын сыртқа шығарған.

Петропавлда зейнеткер өз үйінде өртеніп кете жаздады

«Зардап шеккен зейнеткерге ТЖМ апаттар медицинасы орталығы мамандары алғашқы көмек көрсетті. Өрт 50 шаршы метр алаңда сөндірілді. Оқиға орнында бес техника жұмыс істеді. Сағат 9:29-да от толықтай ауыздықталды», — деп хабарлады СҚО ТЖД өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Марат Сыздықов.

Петропавлда зейнеткер өз үйінде өртеніп кете жаздады

Тағы оқыңыз: СҚО-да балалар арасында вирус өршіп тұр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *