Киров атындағы зауыт жұмысшылары донор күнінде қан тапсырды. 30-ға жуық маманның ішініде цехта еңбек ететін қызметкерлер де, әкімшілік жұмыспен айналысатын мамандар да бар, деп жазады Qazaqstan Media.
Кәсіпорын жұмысшылары «Донор күні» акциясына қатысуға бірден келіскен. Олар облыстық қан орталығына бір адамдай барып, қан тапсырды. Қызметкерлердің арасында тұрақты түрде қан тапсырып жүрген жандар да бар. Солардың бірі ІТ саласының маманы — Максим Бураков. Ол мұндай акцияларға 24-ші рет қатысып отыр.
«Әр екі ай сайын қан орталығына келеді. Осылайша, ол қанға мұқтаж жандарға көмектесіп жүр. Мұндай қайырымдылық шараларға қатысу, азаматтық көзқарасымызды білдіреді. Біздің бір тамшы қанымыз, біреудің өмірін сақтап қалуға көмектеседі», — дейді зауыт басшылығы.
Тағы оқыңыз: СҚО әкімдігінде жаңа тағайындау