Елімізде есірткіні белгілі бір жерлерге жасырып, түрмеге түскендер көбейіп барады. Қоғам дертімен күресу мақсатында қоғам белсенділері деректі фильм түсірді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Туынды «Закладчики. Мать» деп аталады. Фильмде авторлар темір тордың ар жағындағы қыз-жігіттердің ата-аналарымен тілдескен. Алды артын ойламайтын жастардың кесірінен ата-аналар зардап шеккені көрсетілген.

Фильмде үш бөліктен тұрады. Авторлар түрмеде отырған жаспен тілдескен. Ол өз сөзінде осы ісі үшін қатты өкінетінін айтқан.

Ал ата-аналар болса темір тордың ар жағындағы баласын ойлап жүректері қан жылап жүр. Балаларының үйге тез оралғанын қалайды. Бірақ, оның шығуына әлі 10 жыл бар.

Ал үшіншісі болса — аяғы ауыр әйел. Ол ішінде баласы бола тұра осындай лас іске барған. Ол да 12 жылға сотталыпты. Бірақ, нәзікжанды баласы беске толғанша дейін жазасын үйінде өтейді.

Залға аға буын өкілдері де, жастар да көптеп жиналған. Туынды түйіні – бұл өмірде ешқашан жеңіл жолмен ақша таба алмайсың, ақшаны адал жолмен табу керек.

«Тәртіп сақшысы ретінде айтатын болсам, айыпталушы сот үкімі шыққанға дейін өз қателігін түсінбейді. Сотталған кезде барып қана алда басқа өмір күтіп тұрғанын біледі. Есірткі жасырумен айналысқан адам ұсталса, ешқашан жазадан құтылмайды. Фильмдегі жастар да өз қателігін түсінсе де темір тордан босап шықпайды. Шараға біршама ұл-қыздар келгенін көріп, қуанып қалдым. Олар кадрдағы қыз-жігіттердің қателігін қайталамауы тиіс. Кез келген қиындықтан шығуға болады. Ол үшін талмай еңбек ету керек», — деді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.

Айта кету керек, СҚО-да былтыр 200-ден астам есірткі қылмысы фактісі тіркелген. Соның көбі — 16 және 25 жас аралығындағы жастар.

Тағы оқыңыз: Сырғанақ бар, бірақ тюбингтер жоқ: Петропавлда сырғанауға тегін берілген «ватрушкаларды» кімдер алып кетті?

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *