Петропавлда ыстық су тамыз айына дейін болмайды

Петропавлда су құбырларын тексеріп, жөндеуге байланысты маусымның 17-сінен бастап бір апатаға ыстық су беруді тоқтатқан еді. Кейін кейбір аудандарда ыстық суды қосу сегізінші шілдеге дейін созылған болатын. Алайда бұл жұмыстар әлі аяқталамапты, сондықтан бірнеше мекенжайдың тұрғындары тамыз айына дейін ыстық сусыз отырады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Жаздың басынан ыстық сусыз қалған тұрғындардың біршамасына жаздың соңына дейін шыдауға тура келеді. Себебі, құбырларды жоспаралы жөндеу, қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу әлі аяқталмаған. Сондықтан Абай көшесі 67, Пушкин 61 мекенжайлары бойынша ыстық су 17-ші шілде күні беріледі.

Ал Тоқсан би 21, Чайковский 18, 20, М. Әуезов көшесі 173, 314 атқыштар дивизиясы 158, К. Кеншінбаев 11, Васильев 64А, И. Ибраев 8, 10; Досмұханбетов 11, 13 мекенжайларына ыстық су  22-ші шілде күні беріледі.

Соңғы болып су Зеленая 20, Студентческая 6, Аққайың 1б,  5 пр. Сенной 51, 53, 55, 57, 59 мекенжайларында берілмек. Олар кесте бойынша 1-ші тамызда бірақ қосылады.

Тағы оқыңыз: «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы СҚО-ға келеді

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x