Кішкентайынан кинорежиссер, әлемге әйгілі әртіс боламын дейтін солтүстікқазақстандықтарға тамаша мүмкіндік! Петропавлда “Yandeх Qazaqstan” акселерациясының апталығы басталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Облыс орталығына бүкіл дүниежүзіне танымал режиссерлер, суретшілер мен менеджерлер және сценаристер келді. Оның ішінде голливудтық киностудиялардың маркетінгімен айналысатын Елена Бродская, әлемнің әйгілі кинофестивальдерінде түрлі жүлде алған қазақстандық режиссер Әмір Қарақұлов бар. Білікті мамандар үш күн бойы жерлестерімізге бар білгендерін үйрететін болады.

«Жетістікке жету үшін адам талмай еңбек ету керек. Тек алға қадам басу қажет. Біздің салада кітапты көп оқыған, тарихты жетік білетін адам ғана танымал бола алады. Үнемі ізденісте болған абзал»,-деді танымал кинорежиссер Әмір Қарақұлов.
Шараның басты мақсаты — елімізде кино және телехикаялар өндірісін дамыту. Айта кету керек, мұндай шара елімізде алғаш рет Петропавлда өтіп жатыр.
Қоса кетейік, шараға қатысушылар күн сайын кешке әлі әлеуметтік желілерге шықпаған киноларды тамашалай алады.
Тағы оқыңыз: Петропавлда аттестат тапсыру кезінде мектептің акт залында төбенің бір бөлігі опырылды